Кәсіподақ, дәл осы қалыпты сақта!
«ҚММУ қызметкерлері және студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» ҚҰ-мен бірге университетіміздің спорт клубы тамаша бастамамен бастады. Біздің футболшыларымыз өздерінің жанкүйерлерін кез-келген турнирде медицианлықтардың тек қана ең жоғары орынға ғана ұмтылатындығына дағдыландырды. Команда ойыншылары қорыққандықтан емес, оқудың қиындығымен қатар жаттығуларға күш салумен, «alma mater» өздерінің спорттық намысын сақтап қалу үшін тырысты. Университеттің әрбір спортшылардың бастан аяқ жағдайын қамтамасыз етуге жағдайы келмесе де, өздерінің спортшыларына жаттығу залымен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, жаттықтырушыларға жалақы, ойын формалары үшін көптеген қаражат бөледі. Ал студенттердің бай халыққа жатпайтындығы белгілі. Осыған байланысты, ҚММУ спорт клубы университеттің жетекші спортшыларына жеткен жетістіктері үшін көтермелеу – жаңа тәжірибенің ұйымдастырушысы болды.
15 қазанда Мергенов Қуандыққа «Umbro» фирмасының толықтай киім жиынтығы салтанатты табыс етілді. Бақытты студентке қымбат сыйлықты тапсырып тұрып Нұрлан Нығметұлы жаңа форма біздің қақпашымызға нағыз шабуылшылардың найзағайындай болуына көмегін тигізуге тілек тіледі.
ҚММУ спортклубы университеттің жетекші спортшыларына көтермелеу тәжірибесін әрдайым жүргізуді жоспарлайды.