Регби бос белбеулерге арналмаған
2014 жылдың 3 - нен 9 - қазан аралығында Талдықорған қаласында студенттік командалар арасында регби бойынша I Республикалық чемпионат болып өтті. Қазақстанның жеті қалалары атынан ұсынған, турнирге сегіз ұжым қатысты: Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған, Қарағанды және Ақтау.
Турнирдің негізгі мақсаты –командаларға ойын тәжірибесін көрсету және Қазақстанда дамушы әуесқой регби, барлық клубтарды біріктіру. Біріншіліктің дебютінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің командасы қуана қатысты. Турнирге қатысудың өзі университетімізде осы спорт түрінің даму келешегі туралы айғақтайды, дегенменен регби секциясы екінші жыл ғана жұмыс жасайды, біздің төрт студентіміз: Аманқараев Мәди (5-021 топ), Төлеов Арлан (2-044 топ), Маралбай Арман (3-025 топ) және облыстық құрама команда капитаны Естаев Заңғар (5-031 топ) жас ойыншыдан Қарағанды облысының құрама ойыншысына дейінгі жолды өтті.
Біз регби бойынша спорт шебері кандидат Естаев Заңғарды турнир туралы әсерімен бөлісуді өтіндік:
- Сіз өткен чемпионатты қалай бағалайсыз?
- Бәрінен бұрын, турнирдің өте қажет екендігін айтып өткім келеді. Регби Қазақстанда кең таралмаған спорт түрі, сондықтан жарыс қалағандай көп емес.
- Ал өз командаңыздың ойынын қалай бағалайсыз?
- Турнир, дұрыс бағытпен жүріп отырғанымызды көрсетті. Үшінші орын алғашқы қатысушылар үшін жаман көрсеткіш емес. Және көшбасшылармен тең түсе алмасақта, оларға – өзімізді соқыға беріп қоймаймыз.
- Алдағы маусымда қандай жоспарларыңыз бар?
- Ең бастысы, Алматы қаласында Қазақстан халықтарының жазғы спартакиадасы – негізгі маусым бастамасына дайындықты жалғастырудамыз. Осы кезді пайдалана отырып, нағыз ерлер ойынына өздерінің күштерін сынап көремін деушілерді секцияға шақырамын: Жігіттер, регби – нағыз ерлер спорты, сондықтан келіңіздер! Дәл қазір бізде жоқ, дайындықты кәсіби жаттықтырушының өткізгенін қалайтынымды айтып өткім келеді. Сонымен қатар ҚММУ әйелдер регбилік командасын құру жоспарда бар.
- Сіздерге алда табыстар, сонымен қатар спартакиадалық ойындарда университетімізді ойдағыдай көрсетулеріңді тілейміз.
- Рахмет!
А.К.Тухметов.ҚММУ спорт клубы