«Тіл – достықтың тірегі» атты облыстық жастар форумы.
Тіл – бұл адамдармен қарым – қатынас жасаудағы маңызды
құрал. Қоғамдық өмірдің барлық тараптары, адамның барлық танымдық процесстері
мен шығармашылық қызметтері, оның санасының әр мезеті тілмен қатар жүреді. Әр
мемлекеттің өз мемлекеттік тілі бар. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ
тіл. Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың айтуы бойынша, әр қазақстандық
мемлекеттік тілді білуі тиіс және біздің басты міндетіміз қазақ тілін барлық
салада белсенді қолданып, дамыту болып табылады. Форумның басты мақсаты – мемлекеттік тілді
насихаттау, қазақ тілінің деңгейін көтеру мен қолдану аясын кеңейту, тілге
деген патриоттық сезімді дамыту, әр түрлі қалалық және облыстық іс – шараларға
жастарды тарту болып табылады. Форумның ұранына ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың
: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілде» атты сөздері негіз болды.
Біз жастар – Қазақстанның болашағы, әр қазақстандықты мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге, дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз.
1-003 МПД Хабит Асель, профилактикалық медицина,
биология және фармация факультетінің
СӨӨБК ақпарат секторының мүшесі