Біз күзді қуанышпен қарсы аламыз!!!
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күнін мерекелеуге байланысты 2014 жылдың 27 қыркүйегінде № 1 жатақахана қабырғасында таңқаларлық іс-шара – Әзіл Күні өткізілді. Бұл мерекені біздің студенттер тамаша КТК ойынымен атап өтті. Өте суық, жаңбырлы және бұлыңғыр күнге қарамастан, залдың іші жылы, жарық және көңілді болды! Өйткені әрбір ойыншыдан шыққан жағымды күш қуаты ешкімді немқұрайлы қалдырған жоқ!
Ойында барлығы 4 тур болды. Әрбір турда топтар әртістілігі
мен әсерлілік және қызықты ойынмен
көрермендерді көңілдендіру болды. Олар өз кезегінде жаттығу кезінде тапқырлық
көрсетіп, суырып салмалықты жақсы орындап шықты. Бұл кеш тек күлкілі әзілдер
мен екпінмен ғана емес байқаулар арасындағы үзілістерде өте талантты жалпы
медицина факультетінің 1 курс студенті Мейрамгүл Ибадуллаеваның орындауында
әнмен есте қалды.
Күлкі өмірді ұзартатыны белгілі, осындай жылы және қызықты кездесулер көбірек болсын!
Гүлден Тоқжұманова
№ 1 жатақахана СӨӨБК
ақпараттық секторы