Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

13 Маусым 2014

Құрметті әріптестер!

Баршаларыңызды кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ең алдымен, бар өмірін халық денсаулығын сақтап, қорғауға арнап, қазірде құрметті демалыста жүрген, біразы әлі күнге дейін еңбек етіп, өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғыс білдіргім келеді. 

Дәрігердің міндеті аянбай еңбек етуді, адамдарға деген асқан мейірімділікті талап етеді. Медицина қызметкерінің кәсібі - ең қиын кәсіптің бірі. Өз өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін де жауапкершілікті мойындарына алады. Өмір бойы үздіксіз оқып, озық қондырғылардың қыр-сырын және ауруларды емдеудің жаңа амал-тәсілдерін меңгеруі тиіс. 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау саласына әрқашанда зор көңіл бөліп келеді. Қазір іске асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Барлық медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында біз межелеген басты міндеттерге қол жеткіздік, кейбір салалар бойынша уақытынан бұрын орындадық. Аналар мен нәрестелер өлім-жітімін азайту, туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету, қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңінде анықтау сияқты жүйелі іс-шаралар атқарылуда. 

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгелі жоғары мамандандырылған медициналық көмек және стационарды алмастырушы технологиялар үлесі артты. Медициналық қондырғыларды лизинг арқылы жаңарту мәселесі шешімін тапты. Дәрімен қамтамасыз етудің орнықты және ашық жүйесі жасалды. Қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілуде.   

Елбасының ұлт денсаулығын сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттары медициналық қоғамдастықтан ұзақ мерзімді жоспар жасап, оны іске асырудың нақты жолдарын білуді талап етеді.

Осыған орай, біз «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан кейінгі кезеңге арналған стратегиялар мен бағдарламалар әзірлеп, халық денсаулығына әсер ететін факторларды басқаруға ерекше назар аударуымыз керек.

Еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне кез-келген адам үшін ең басты құндылық: денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында атқарып жүрген қажырлы еңбектері үшін тағы да алғыс айтамын.

Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасылық береке және қызметте табысқа жетулеріңізді тілеймін.   

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі  С.Қайырбекова


Ұзақ жылғы адал еңбегі үшін және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен (2014ж. 28 мамырдағы №286) Қазақстан Республикасының Медицина қызметкері күнін мерекелеуге байланысты:

   «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталады:

Шакеев Қайрат Танабайұлы, №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі.

Беляев Руслан Андреевич, неврология кафедрасының доценті.

Ұзақ жылдарғы адал еңбегі үшін және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен (2014ж. 28 мамырдағы №286) Қазақстан Республикасының Медицина қызметкері күнін мерекелеуге байланысты:

   «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды:

Әбиев Тұяқ Момынұлы, жалпы хирургия және травматология кафедрасының меңгерушісі.

Бадина Лариса Калышевна, №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті

  Денсаулық сақтау ісіне мінсіз еңбегі, жеке үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрметті грамотасымен марапатталады:

Копобаева Ирина Леонидовна, акушерлік және гинекология кафедрасының меңгеруші м.а.

Мұратова Алма Зұлфуқарқызы, Басқару және дамыту және дамыту стратегиясы орталығының директоры

Денсаулық сақтау ісіне мінсіз еңбегі, жеке үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге байланыстыҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталады

Алина Асел Разакқызы, №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті.

Тишкамбаев Ерболат Бекболатович, №1 хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті.

Елубаева Марал Қуандыққызы, жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары.

  Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және жаңа Қазақстандық қоғамды қалыптастыру ісіне жеке еңбегі мен шығармашылық үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге байланысты Қарағанды облысы Әкімінің Құрметті грамотасымен марапатталады:

Темірғалиев Құдайберген Абайұлы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі.

Зинин Александр Михайлович, азаматтық қорғаныс штабының бастығы

Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және жаңа Қазақстандық қоғамды қалыптастыру ісіне жеке еңбегі мен шығармашылық үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге байланысты Қарағанды облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталады:

Барков Дмитрий Александрович – әкімшілік-шаруашылық қызмет бастығы.

  Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының Медицина қызметкерінің күнін мерекелеуге байланысты Қарағанды қ. Әкімінің Құрметті грамотасымен марапатталады:

Оңғарбаева Айгүл АманжолқызыҚММУ медициналық колледжінің тәрбие ісі бойынша директорының орынбасары.

Базяк Юрий Иванович, психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті. 

   

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының Құрметті грамоталарымен марапатталады:

1.  Түкбекова Бибігүл Төлеубайқызы, №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі

2.  Васильева Наталья Витальевна, №2 ішкі аурулары кафедрасының доценті

3.  Бакирова Рысжан Емельевна, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі

4.  Мациевская Лариса Леонардовна, психология және коммуникативтік дағдылар курсымен клиникаға кіріспе кафедрасының доценті

5.  Панин Михаил Владимирович, ҚММУ стоматологиялық клиникасының бас дәрігері

ҚР ДМ Қарағандф облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау депатаментінің Құрметті грамоталарымен марапатталады:

1.  Бегайдарова Розалия Хасановна, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі

2.  Әбуғалиева Тлеужан Оразалықызы, ҮКДФ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті

3.  Әлиханова Қарлығаш Әнгелбайқызы, ҮКДФ Жалпы дәрігерлік практикасы кафедрасының меңгерушісі

4.  Мациевская Лариса Леонардовна, психология және коммуникативтік дағдылар курсымен клиникаға кіріспе кафедрасының доценті

5.  Ромащенко Татьяна Ивановна, ҮКДФ кардиология және визуалды диагностика курсының доценті

«ҚММУ кәсібі бойынша үздігі» конкурсының қорытындылары:

1.  «ҚММУ үздік терапевт-дәрігері» - Бакирова Рысжан Емельевна, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі

2.  «ҚММУ үздік-хирург дәрігері» - Тұрғынов Ермек Мейрамұлы, №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі

3.  «ҚММУ үздік дәрігер-акушер-гинекологы» - Копобаева Ирина Леонидовна, акушерлік және гшинекология кафедрасының меңгеруші м.а.

4.   «ҚММУ үздік-дәрігер-стоматологы» - Мұхтарова Қанағат Серікқызы, балалар жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті

5.  «ҚММУ үздік жалпы практика дәрігері» - Жақыпбекова Венера Амантайқызы, ҮКДФ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының доценті

6.  «Үздік денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» - Сайфуллина Наиля Фуадбековна, әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы

7.  «ҚММУ үздік мейірбикесі» - Огнева Людмила Михайловна, ҚММУ емханасының физиотерапевтикалық кабинетінің мейірбикесі

8.  «ҚММУ үздік клиникалық базасы» - Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының Қарағанды облысы Әкімшілігінің «Облыстық медицина орталығы»

   «ҚММУ кәсібі бойынша үздік түлегі» конкурсының қорытындылары:

1.  «ҚММУ үздік интерн акушер-гинекологы» - Жукова Евгения Сергеевна

2.  «ҚММУ үздік интерн хирургі» - Галицкий Антон Францевич

3.  «ҚММУ үздік интерн терапевті» - Мұратова Шынар Мұратқызы

4.  «ҚММУ үздік интерн жалпы практика дәрігері» - Бокушева ЖәмиләҒалымовна

5.  «ҚММУ үздік интерн педиатры» - Семенихина Полина Сергеевна

6.  «ҚММУ үздік интерн стоматологы» - Бирюков Валентин Михайлович

7.  «ҚММУ үздік интерн гигиенист-эпидемиолог» - Қасымова Сәуле Болатқызы

8.  «ҚММУ медициналық колледждің үздік мейрбикесі» - Пернаева Гүлдариға Уразалиқызы

9.  «ҚММУ медициналық колледждің үздік фельдшері» - Иванова Вера Александровна

10.  «ҚММУ медициналық колледждің үздік тіс технигі» - Даутхужин Дамир Амурович

11.  «ҚММУ медициналық колледждің үздік дантисті» - Бахыт Ерұлан Сержанұлы

2011-2015 жж. Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Бұқар Жырау ауданының халқын скринингтік тексеру қатысушылары алғыс хатпен марапатталды:

 

  1. Ысқақов Ернар Бөкенбайұлы, ҮКДФ жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті
  2. Оразбаева Бахыткүл Серікқызы, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доцент м.а.
  3. Мұтайхан Жұмат, фтизиатрия кафедрасының доцент м.а.
  4. Баешева Татьяна Аристановна, ҮКДФ терапевтикалық пәндер кафедрасының доценті
  5. Бондаренко Наталья Алексеевна, ҮКДФ 1 хирургиялық пәндер кафедрасының ассистенті
  6. Жарылғапова Алмара Өмірбайқызы, реаниматологиясы бар офтальмология, оториноларингология кафедрасының офтальмология курсының ассистенті
  7. Қызырова Алма Темірболатқызы, ҚММУ емханасының дәрігер-невропатологы
  8. Серікова Дария Қоқашқызы, ҚММУ емханасының дәрігер-оториноларингологы
  9. Татағулова Бота Балғабайқызы, стоматологиялық емхананың рентген-зертханашысы
  10. Әкімжанова Нейля Нұрланқызы, дәрігер- терапевт, «Невропатология» мамандығының резиденті
  11. Дисаенко Ксения Сергеевна, дәрігер-педиатр, «Онкология» мамандығының резиденті
  12. Керімбеков Төлеген Икрамұлы, дәрігер-хирург, «Травматология және ортопедия» мамандығының резиденті
  13. Артықбай Санжар Нұрланұлы, дәрігер хирург,  «Травматология және ортопедия» мамандығының резиденті
  14. Сақтағанов Жақсыбек Ілесбекұлы, «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті

     



0
31287

пікірлер

пікір қалдыру үшін.