Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ататюрк Университетінде (Түркия)ҚММУ магистранттары ғылыми машықтануын өтті

Ататюрк Университетінде (Түркия)ҚММУ магистранттары ғылыми машықтануын өтті

06 Маусым 2014

11 мамыр мен 23 мамыр аралығында Эрзурум Университетінде  білім беру бағдарламасы бойынша 1 оқу жылының  14 магистранттары мен Ататюрк Университетінің 13 магистранты машықтанудан өтті.  ҚММУ- мен келісім бойынша, Research Methodology Course сабақтары ғылыми зерттеулер менеджментіне, денсаулық сақтауды ұйымдастыруға, ғылыми басылымдардағы жарияланымдарға және зертханалық диагностикаға арналды.

  Ғылыми сынақтан өту барысында магистранттар зерттеу жұмыстарын жоспарлау, GCP  -ның қалыптары мен  стандартымен , эпидемиологиялық  биоэтикалық , генетика лық зерттеулермен, сонымен қатар  жануарлармен эксперимент жасау,  ғылыми жарияланымдар дайындау және зерттеу нәтижелерін  ереже бойынша  рәсімдеумен  танысты.

  Белгіленген  мерзімде  машықтанушылар  Ататюрк Университетінің  ауруханасында  болып,  гипербариялық оксигенация және физиотерапия бөлімшесінде , гемодиализдің перитонеалды кабинетінде,  нефрология бөлімшесінде , профессорлар Zekai Halici, Sener Tasdemir, Memet Isik-тің  ғылыми-зерттеу зертханаларында, офтальмология бөлімшесінде, инелік рефлексотерияда, аккупунктура және кеуде терапия, сонымен бірге  отбасылық медицина бөлімшесінде  болды. Магистранттар жедел жәрдем  станциясында болып, жұмысымен танысты.

  Мәденит бағдарламасы  аясында магистранттар Эрзурум қаласының  көрікті орындарында  болып, Kale бекінісін,  Üç Kümbetlerмазарын, шолу мұнарасыÇift Minareli Medreseмешітін, Taşhan  керуен сарайындажәне зергерлік  бұйымдар  базарын тамашалады. ҚММУ магистранттары Ататюрк Университетінің  ректорымен  кездесіп, бір-біріне сыйлықтар сыйлап,  біздің оқу орынының  кітаптары және  кәдесыйлармен  алмасты. Магистранттар ғылыми машықтануды  аяктаған  соң  Ататюрк Университетінің  сертификатын алды.


0
20511

пікірлер

пікір қалдыру үшін.