Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Марат Оспанов атындағы БҚММУ- дегі халықаралық қатысуымен жас ғалымдар мен студенттердің 54 – ғылыми конференциясы

Марат Оспанов атындағы БҚММУ- дегі халықаралық қатысуымен жас ғалымдар мен студенттердің 54 – ғылыми конференциясы

20 Мамыр 2014

2014 жылдың  17 сәуірінде Ақтөбе қаласында  жыл сайын өткізілетін «Марат Оспанов атындағы БҚММУ- дегі халықаралық қатысуымен жас ғалымдар мен студенттердің 54 – ғылыми конференциясы» өтті. Конференцияға  Казан мемлекеттік медицина университетінің, Орынбор мемлекеттік медицина академиясының, «Астана медицина университеті» АҚ, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері қатысты.

Конференция 14 секция бойынша жүргізілді. Біздің университеттің атынан «Жалпы медицина» мамандығының интернатура факультетінде оқитын, №2 ішкі аурулар кафедрасының 7-027 топ студенті Ш.М. Мұратова. «Аssessment of adherence to treatment of patients with type 2 diabetes mellitus» тақырыбында постерлік мақаламен шықты. «Постерлік мақалалар»  ағылшын тілде қорғады. Ғылыми жетекшісі - №2 ішкі аурулар кафедрасының доценті А.Р. Алина.

Қазіргі эндокринологиядағы өзекті мәселелер жайлы баяндалды. Қант диабетінің 2 типімен ауыратын науқастардың негізгі терапиясына әсер ететін факторлар нақтыланып айтылды және емнің комплаенттілігін жақсаруына байланысты ұсыныстар берілді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен дизайн жоғарғы деңгейде бағаланды. Конференцияның қорытындысы бойынша  ҚММУ – нің студенті Ш.М. Мұратова диплом мен І дәрежелі алқамен марапатталды.

Конференция  жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуымен, Марат Оспанов атындағы БҚММУ – ның СҒҰ-ның белсенді жұмысымен, ұйымдастырушылардың қонақ жайлығымен ерекшеленді.  Өткізілген конференция жаңа мүмкіндіктер ашты және алдағы зерттеу жұмыстарына ынта, жігер берді.

7-027 топ интерні Ш.М. Мұратова.


0
21249

пікірлер

пікір қалдыру үшін.