Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа ынтымақтастықтың болашағы

Жаңа ынтымақтастықтың болашағы

12 Сәуір 2024

Университет өкілдерінің АҚШ-на сапары барысында Оклахома және Қарағанды медицина университеттерінің стратегиялық серіктестігі мен бірлескен зерттеулерінің мүмкіндіктері талқыланды.

Құрамында қоғамдық денсаулық мектебінің деканы Ж. А. Даулеткалиева, мектеп профессор ассистенті К.Е. Нукештаева және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы Р. Аман кірген делегация АҚШ, Оклахома қаласы, Оклахома университеті,Хадсон Қоғамдық денсаулық колледжіне іссапармен барды. Бағдарламаның ұйымдастырылуыPhD, Healthadministration кафедрасының профессор ассистенті, PhDАйжан Қарабукаеваның қолдауымен өтті. Сапардың бірінші күні Хадсон Қоғамдық денсаулық колледжінің деканы DO, MPH, Dr. DaleW. Bratzlerмен кездесу өтті. Ол делегаттарды бөлімше жұмысының құрылымы мен міндеттерімен таныстырды. Кездесу барысында стратегиялық әріптестік, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, Оклахома университетінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасына ену мүмкіндіктері талқыланды. Сапар бағдарламасы құрылымдық бөлімшелермен, зертханалармен және клиникалармен танысуды қамтыды. Тараптар білім алушылармен жұмыс тәжірибесімен алмасты, халықаралық аккредиттеу және бірлескен ғылыми зерттеулер мәселелерін талқылады.

Сапар бағдарламасының соңғы кезеңі Оклахома университетінің әріптестерінің қызығушылығын тудырған Қоғамдық денсаулық мектебінің деканы Ж.А. Даулеткалиеваның университетіміздің тұсаукесері болды. Кездесу соңында К.Е. Нүкештаева мен Р. Аман әріптестерінің іске асырылып жатқан ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастыққа қатысты сұрақтарына жауап берді.

PhD, Healthadministration кафедрасының ассистенті Айжан Карабукаеваға және Хадсон Қоғамдық денсаулық колледжінің деканы, DO, MPH доктор DaleW. Bratzler қолдауына алғыс білдіреміз.

0
1157

пікірлер

пікір қалдыру үшін.