Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университетті дамытудың жаңа бағдарламасы бекітілді

Университетті дамытудың жаңа бағдарламасы бекітілді

23 Желтоқсан 2023

2023 жылғы 11 желтоқсандағы Үкіметтің №1105 қаулысымен "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300001105). Бағдарламаның мақсаты – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде дамыту болып табылады. Мақсатқа жету үшін білімді, ғылым мен практиканы интеграциялауды күшейту арқылы озық кадрлық қамтамасыз ету, инновациялық даму моделі шеңберінде ғылыми қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыру, университеттегі адами капиталдың инновациялық әлеуетін нығайту мен университет қызметінің өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнықты дамуы мен әлеуметтік бағытта болуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, өршіл міндеттер қойылды.

2019 жылы алынған зерттеу университетінің мәртебесі "ҚМУ" КеАҚ-ға ғылыми зерттеулер жүргізуді, Қазақстанмен одан тыс жерлерде биомедициналық ғылым мен медициналық білім беруді дамыту үшін ғылым, білім мен практиканы интеграциялау қағидаттарын енгізудегі тәжірибені таратуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 453 Қаулысымен бекітілген университеттің 2019-2023 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру аяқталады. Осы бес жылдық кезеңде университет қызметкерлері мен білім алушыларының белсенді үлесінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.


0
11733

пікірлер

пікір қалдыру үшін.