Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зальцбург медициналық семинарлары

Зальцбург медициналық семинарлары

28 Қараша 2023

2023 жылғы 15-20 қазанда, Ішкі аурулар кафедрасының ассистент-профессоры- Измайлович Марина Рашидовна «Open Medical Institute» курсы аясында, Вейл Корнелдің Дерматология бойынша, 14-ші Зальцбург семинарында (Австрия, Зальцбург) оқудан өтті, оған 24 елден 35 Халықаралық стипендиат қатысты.

«Open Medical Institute» - академиялық сарапшылардың қатысуымен медицина саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға ықпал ететін бірегей бағдарлама, бұл әртүрлі мәдениеттегі дәрігерлер арасындағы ұзақ мерзімді достық пен ынтымақтастыққа әкеледі.

Семинар доктор Ричард Д. Гранштейн, «Weill Cornell Medicine» профессоры Джордж В. кіші Хэмбрик және Вена медициналық университетінің докторы Джордж Стари басқаруымен өтті.

АҚШ пен Австрияның жоғары деңгейлі дерматологтары 26 дәрістің толық бағдарламасын құрастырды, онда олар тері функцияларына, терінің иммундық және жүйке жүйесімен өзара әрекеттесуіне, аутоиммунды буллезды аурулар, дәрілік аллергияны диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне шолу жасады. Ең бастысы-кең таралған және сирек кездесетін тері ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа құралдары мен әдістері туралы соңғы мәліметтер талқыланды. Әсіресе, Терапевтикалвқ аурулардың терідегі белгілері және химиотерапия мен қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияның теріге жағымсыз әсерлері, сондай-ақ осы көріністерді емдеу тәсілдері қарастырылды.

Оқыту аясында семинарға қатысушылар өз тәжірибелерінен клиникалық жағдайдың презентациясын өткізді. Ассистент-профессор Измайлович Марина Рашидовна «Қышыманың асқынуы- аллергиялық дерматит ретінде» тақырыбында клиникалық жағдайды ұсынды.

Оқудан басқа, стипендиаттар Австрия мәдениетін, атап айтқанда Зальцбургтің көрікті жерлерін, мұражайларын және Аренберг сарайындағы жеке камералық музыка концертін тамашалауға мүмкіндік алды. «Open Medical Institute» бүкіл әлем бойынша медицрналық қызмет көрсету деңгейін көтереді және әлемдік медицинаның бірлігіне ықпал етеді.


0
1512

пікірлер

пікір қалдыру үшін.