«Жар таңдау» атты кураторлық сағат
23 Сәуір 2014
Қазақстанда сәуірдің 15-ін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
ғашықтар күні деп атауына орай, жалпы медицина және стоматология факультетінің
1-019 топ студенттері және кураторлары Төлегенова Жұмагүл Мұсақызы ашық
кураторлық сабақ өткізді.
![](http://www.qmu.edu.kz/media/upload/5dbc98dcc983a70728bd082d1a47546e/c951fb302f0d24b5c0c23a093eba2186)
Сабақтың тақырыбы өзекті «Жар таңдау» мәселесі. Бұл
ашық шараға жалпы медицина және стоматология факультетінің 1 курс декан орынбасары
Оспанова Динара Төлеуқызы және 1-009, 1-015 топ студенттері қатысты.
![](http://www.qmu.edu.kz/media/upload/5dbc98dcc983a70728bd082d1a47546e/a5f1366ae05887aebc6d1043cf7c9015)
Кездесу барысында студенттер
мен қонақтар өмірде екі заттан қателесуге болмайтынын: біріншісі мамандық,
екіншісі өмірлік серігі деп пайымдады.
![](http://www.qmu.edu.kz/media/upload/5dbc98dcc983a70728bd082d1a47546e/8b1e0a09c9666618fbc3788889dcf1ee)
Кураторлық сағатта студенттер өлең оқып,
көріністер қойды, бейне-фильмдер көрсетіліп, ән шырқалды. Ал тәрбие сағатының
қорытындысында куратор жылы лебізін білдіріп, дәмді бауырсақтарын тобына
ұсынды.
пікірлер