Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
16-шы Еуропалық қоғамдық денсаулық конференциясы

16-шы Еуропалық қоғамдық денсаулық конференциясы

21 Қараша 2023

2023 жылдың 8-11 қарашасы аралығында Дублин қаласында (Ирландия) «Біздің тағамымыз, Біздің денсаулығымыз, Біздің жеріміз: Адамзаттың тұрақты болашағы» тақырыбына арналған 16-шы Еуропалық қоғамдық денсаулық конференциясы өтті. Биылғы жылы конференцияға жұмыстардың рекордтық саны ұсынылған, олардың ішінен әлемнің 80 елінен 2550 делегат іріктелді. 

Конференцияда Қарағанды медицина университетінің өкілі PhD, Ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы Омарова Алуа Ораловна болды, ол «Patients' satisfaction with the current access to and the quality of WASH services in rural hospitals» тақырыбында баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында қойылған сұрақтардың көмегімен әр түрлі елдердің медициналық және білім беру мекемелерін су, санитария және гигиена (ССГ) қызметтерімен қамтамасыз ету және зерттеу, сондай-ақ халықтың гигиеналық дағдыларын жақсарту саласындағы тәжірибесін салыстыруға мүмкіндік туды. 

Осындай көлемдегі конференцияға қатысу «COVID-19 пандемиясына тиімді жауап беру үшін Қарағанды облысының ауылдық медициналық мекемелерінің тиісті сумен, санитариямен және гигиенамен (ССГ) қамтамасыз етілуін бағалау» зерттеу нәтижелерін танымал етуге мүмкіндік берген баға жетпес тәжірибе болды.

Сонымен қатар, конференция аясында Elsevier, Springer Nature, Оксфорд университеті және басқалары сияқты әлемнің жоғары рейтингілі баспаларының ғылыми өнімдерінің көрмелері ұйымдастырылды. Springer Nature баспасы 2022 жылы Омарова Алуа Ораловнаның жазған «Ways to Protect and Preserve Human and Planetary Health Through the Water, Sanitation and Hygiene Sector in Schools» тарауы жарияланған «Handbook of Human and Planetary Health» монографиясын ұсынды.

Зерттеу тобы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне зерттеуді қаржыландырғаны үшін, Қарағанды медицина университетіне зерттеу жүргізу мүмкіндігі үшін және Jouke van der Zee қорына конференцияға қатысу үшін тіркеу жарнасын жабуға грант бергені үшін зор алғысын білдіреді.


0
1711

пікірлер

пікір қалдыру үшін.