17 қараша - Халықаралық шала туылған балалар күні
17 қараша бүкіл әлем бойынша халықаралық шала туылған балалар күнін атап өтеді. Оны 2008 жылы жаңа туған нәрестелерге көмек көрсету жөніндегі Еуропалық қор (European Foundation for the Careof Newborn Infants, EFCNI) мерзімінен бұрын босану туралы, дәрігерлер мен шала туылған нәрестелердің отбасыларының алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туралы хабардар ету үшін енгізді. Өйткені, нәрестенің мерзімінен бұрын туылуы – бұл ата-аналар үшін үлкен сынақ, сапалы емдеу ғана емес, сонымен қатар психологиялық көмекті де қажет етеді. Біздің республикамызда бұл мерекені 2013 жылдан бері атап өтуде, қазіргі уақытта Дүниежүзілік шала туылған балалар күні әлемнің жүзден астам елінде аталып өтуде.
Қазір ҚР-да салмағы 1000 граммға дейінгі шала туылған нәрестелердің күтіміне барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы зерттеулер бойынша ананың бала күтіміне қатысуы, нәрестенің емделуіне оң әсерін көрсетті. Күтімді үйренгеннен кейін, аналар медициналық қызметкерлердің бақылауымен балаларын өздігінен тамақтандырады, орнын алмастырады, өңдейді, жаялықтарын ауыстырады. Осының арқасында ана мен бала арасында тез байланыс пайда болады, бұл емнің нәтижесіне жақсы әсер етеді. Ауруханада барлық дағдыларды игергеннен кейін, анасы баланы өздігінен күте алады, себебі - шала туылған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. Дәрігерлер мен ата-ананың мақсаты бір болғандықтан, бірлесіп жұмыс істейді.
Сәбилер мен ата-аналарды, неонатолог дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін Халықаралық шала туылған балалар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!