Медициналық білім берудегі симуляция
2023 жылдың
21-23 қыркүйегінде Мәскеу қаласында Ресей медицинасындағы симуляциялық білім
беру саласындағы ең ауқымды шара - медицинадағы
симуляциялық білім берудің Ресей қауымдастығының XII съезді және «Медицинадағы
симуляциялық білім беру: тәжірибе, даму, инновация. РОСОМЕД-2023» халықаралықконференциясы өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары:
· Медицинадағы симуляциялық білім берудің Ресей қауымдастығы, РОСОМЕД.
· М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті.
· Ресей дәрігерлерінің қауымдастығы.
Іс-шараның қатысушылары:
· РФ мен ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласының мемлекеттік органдарының басшылары.
· РФ мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының басшылары.
· РФ мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының проректорлары.
· РФ мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының медициналық факультеттерінің басшылары.
· РФ мен ТМД елдерінің аккредитациялық-симуляциялық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері.
· РФ-ң Ұлттық медициналық зерттеу орталықтарының «ҰМЗО» басшылары.
Биылғы жылғы іс-шара бағдарламасы медицинадағы білім берудің инновациялық әдістерінің өзекті мәселелерін, симуляцияны, виртуалды шындыққа сай келетін жасанды интеллекті қолдануды қамтитын блоктарды біріктірді. Аталған іс-шарада Қазақстан атынан «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының басшысы Кемелова Гүлшат Сейтмұратқызы «ҚМУ» КеАҚ СББТО қызметі жайында «Қазақстанның жоғары оқу орындарында симуляциялық технологияларды дамытудың траекториясы», «ТьюторМен тренажерының және оқытушы фасилитациясының дағдыны тиімді меңгеруге әсерін бағалау», «Қадрлар бәрін шешеді» атты үш баяндаманы ұсынып, таныстырды. Қатысушылар баяндамаға үлкен қызығушылық танытып, зор ықыласпен тыңдады.
Аимбетова Динара, СББТО бас маманы