Аурухана ауылға жол тартады
Биылғы жылы Шет және Нұра аудандарының шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды медицина университетінің дәрігерлер бригадасы ауыл тұрғындарын қабылдады.
ЖМК 46 елді мекеннен өтіп, 3314 балаға және 639 ересек адамға консультациялық-профилактикалық көмек көрсетілді.
Қарағанды медицина университеті шалғайдағы ауылдық өңірлердің (Нұра, Бұқар жырау, Осакаров, Абай, Шет аудандары) тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселесімен 2010 жылдан бері айналысып келеді. ЖМК жазда ауылға барып, күзде оралады. Бұл оң дәстүрге айналды және оны растау-ауыл тұрғындарының шын жүректен алғысы.
СедачН.Н., ЖМКбасшысы