Медициналық оңалту және белсенді ұзақ өмір сүру мәселелерін қарастырдық
Оқу жылының алғашқы
аптасында Қарағанды Медицина университетінде халықаралық ғылыми-практикалық
конференция: «Когнитивті бұзылулар: диагностика, терапия және алдын-алудағы
басым бағыттар. Гериатриялық науқас: белсенді ұзақ өмір сүру» ұйымдастырылды.
Конференцияны Аукенов Нурлан Ерденович, м.ғ.к., медициналық ғылым және жаңа технологиялар Басқармасының төрағасы ДНжәнеАР ДМ ҚР және Оқу ісі жөніндегі проректор Толеубеков Куатбек Куанышбекович ашты.
Алғашқы болып Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы бас терапевті Канафина Алма Қанафиевна кәзіргі кезеңдегі «ҚР белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы баяндады.
Әсіресе когнитивті бұзылулар, профилактикалық және когнитивті реабилитацияның терапевттік әдістеріне, эрготерапия, нейро- гериатрия, арт-терапия, мирортерапия ерекшеліктеріне, гериатриялық науқастардың эрготерапиясына көп көңіл бөлінді. Қарт адамдардың реабилитацисында мейіргерлік сүйемелдеу сұрақтарына да тоқталды.
Конференция барысында жас ғалымдар мектебі ұйымдастырылды. Қызықты тақырыптарымен PhD докторантура, магистратура, бакалавриат студенттері баяндады. Қатысушылар арасында мәселелі тақырыптарға қазылар алқасы 1, 2, 3 дәрежелі диплом тапсырылды.
Мейіргерлік оқыту мектебі әріптестерінің атынан барлық қатысушыларды құттықтаймыз және ғылыми жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!