Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінде-жаңа заманауи жатақхана ашылды

Қарағанды медицина университетінде-жаңа заманауи жатақхана ашылды

04 Қыркүйек 2023

2023 жылғы 31 тамызда Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың қатысуымен 400 орындық «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттік жатақханасының салтанатты ашылуы өтті.

Осындай заманауи жатақхананың пайда болуы – жаңа оқу жылының басында болашақ денсаулық сақтау мамандарына тамаша сыйлық. Құрылысты университет «қаржы орталығы» АҚ және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырды.

Жаңа жатақхананың бірегейлігі – бұл заманауилық, мұнда барлығы студенттер үшін, барынша жайлылыққа бағытталған. Бөлмелер 2 адамға арналған, жаңа ыңғайлы жиһазбен жабдықталған, сабаққа дайындық бөлмесі бар, сымсыз интернет барлық жерде қол жетімді. Студенттердің иелігінде заманауи тұрмыстық техника, мультимедиялық кабинет, спорт залдары: тренажер, теннис, би және т.б. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігер кабинеті, көшеге жеке шығатын изолятор қарастырылған.

 Ажар Ғиният жоғары оқу орнының ұжымы мен университеттің студенттік құрамын осы маңызды оқиғамен құттықтап, кәсіби білім мен дағдыларды табысты игеруді тіледі.

Құттықтау сөзінде «ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры Анар Тұрмұхамбетова Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевқа ризашылығын білдірді, өйткені оның бастамалары мен тапсырмаларының арқасында студенттерді жаңа жатақханаларда жайлы тұрумен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны үкімет, атап айтқанда Денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар толығымен қолдайды.

Қарағанды қаласының орталығында жер учаскесін берудің арқасында біздің болашақ дәрігерлерге оқу кезеңінде жайлы өмір сүріп қана қоймай, оқытудың практикалық бөлігі жүзеге асырылатын клиникалық базаларға жету оңай болады. Жаңа жатақхананың жанында студенттердің демалуға және спорт алаңдарына баруға мүмкіндігі бар орталық саябақ бар.

Жаңа жатақханада «ҚМУ» КеАҚ жоғары курсының ең белсенді студенттері тұрады. Барлық білім алушыларды қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету – бүгінгі таңда университет басшылығы үшін басты мәселе. Осыған байланысты келесі кезең қала орталығында 500 орындық кезекті жатақхана салу болмақ.

Университет ректорымен бірге қонақтар болашақ дәрігерлер үшін жасалған шарттармен танысып, студенттердің қазіргі үйінде тұру мүмкіндігіне риза болған білім алушылармен әңгімелесті.


0
1652

пікірлер

пікір қалдыру үшін.