Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«IG Cooper and Gold» АҚ парамедиктерін оқыту

«IG Cooper and Gold» АҚ парамедиктерін оқыту

25 Тамыз 2023

2023 жылдың тамыз айының 23 мен 25-і аралығында СТББО базасында «IG Cooper and Gold» АҚ 18 қызметкеріне «Алғашқы кідіріссіз көмек көрсету дағдылары» атты оқыту семинары өткізілді. Оқыту барысында парамедиктер жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, биіктіктен құлап жарақат алған, тірек-қимыл жүйесінің жарақатын алған, клиникалық өліммен және кәсіби жарақат алған науқастарды тасымалдау кезіндегі ерекшеліктерді пысықтады.

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес симуляциялық манекендер мен тренажерларды пайдалана отырып оқыту - қауіпсіз, әрі сенімді білім беретін ортада практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Курс кәсіпорындағы тәуекел деңгейін ескере отырып пациенттің әртүрлі жағдайларында (жүрек-өкпе реанимациясы, жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі, жұмыста төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер алгоритмі, науқастарды медициналық триаждау негіздері, жарақаттанған аяқ-қолдарды иммобилизациялау, сыртқы қан кетуді тоқтату, шаққан жара кезінде) көрсетілетін алғашқы көмек  жөніндегі білімді қамтыған.

  Тыңдаушылар бұл семинарға үлкен қызығушылық танытып, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Практикалық дағдылар жаттықтырушысы Д.Н. Аубакирова


0
1760

пікірлер

пікір қалдыру үшін.