Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түлектердің дәстүрлі кездесуі

Түлектердің дәстүрлі кездесуі

30 Маусым 2023

24 маусым күні Қарағанды медицина университетінде Түлектердің дәстүрлі кездсуі өтті. Кездесуге  университетті 50,45,40,35,30,25,20  жыл бұрын бітірген түлектер жиналды. Араға қанша уақыт салып қауышқан түлектердің жүздері бал-бұл жайнап, көрісіп, студенттік шақтарының қызықты сәттерін еске алды. 

Іс-шара  Қарағанды медицина университетінің Әнұранын  орындаудан басталды.

Дәстүрлі кездесуде Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорВиктор Петрович Риклефс барлық  түлектерді мерекемен құттықтап, қауышқанына  қуанышты екенін білдірді. Қасиетті қара шаңырақтан білім алып, түлеп ұшқан  түлектер Қазақстаннан өзге де  алыс-жақын шетелдерде  медицина саласында қызмет етуде. 

Сахна төрінде медицина ғылымдарының докторы, 1960 жылы бітірген түлек Зубов Виктор Александрович авторлық кітабының презентациясын жасады.

Кездесу барысында құрметті Alma mater атына алғыстарын білдірді. Білім нәрімен сусындатып, тұлға болып қалыптасу жолында өлшеусіз үлес қосқан сүйікті оқытушыларын мақтан ететінін жеткізді. Сондай-ақ, студенттік кезеңінде орындаған  өлеңдері мен музыкалық нөмірлерін  шырқады.

Концерттік бағдарламада  университетіміздің талантты студенттері  Ералиева Д.  Сражадинов М.Берістем Б. Нечипоренко А.«Надежда», «Қайдасыңдар достарым», «Вальс», «Қайдасың», «Мы желаем счастье Вам» әндерін орындап, түлектерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Қазақстанның үздік медициналық университет төрінде түлектердің кездесу кешінде бас қосуы, ауыз бірлшілігінің жоғары дәрежеде екендігінің  көрінісі.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3731

пікірлер

пікір қалдыру үшін.