«Күлкі терапиясы» вице-чемпион!!!
«Қазақстан
КТК Одағы» Қарағанды КТК филиалының ұйымдастыруымен әзіл және күлкі күнінде, сәуір
айының 1 - жұлдызында Сәкен Сейфуллин атындағы обылыстық қазақ драма театрында
«Жайдарман - 2014» ойынының финалы өтті. Ойын төрт бөлімнен тұрды:
1. «Сәлемдесу»
2. «Ширату»
3. «Жамбы ату»
4. «Үй тапсырмасы»
Біздің команда ойыннан сүрінбей өтті. Бұл ойында 4
команда өнерлерін көрсетті. Олар:«ЕсАғадыр» (Ағадыр кенті), «Бағала» (Қазіргі заманауи техникалық университеті) , «Болашақ VIP» (Болашақ университеті) және де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын
қорғап «Күлкі терапиясы» командасы ойынға шықты. Ойын Қазақстан-Қарағанды
телеарнасына түсірілді.
Ойынның қорытындысы бойынша 2014 жылғы Қарағанды обылысының «Жайдарман» ойынының чемпионы - «Бағала» (ҚЗТИ), ал вице-чемпионы - «Күлкі терапиясы» (ҚММУ) болса, ІІІ орынды - «Болашақ VIP» (Болашақ университеті) алды.
2014 жылғы «Жайдарман» ойынының «Ең үздік әуенмен әрлендіруші» номинациясын 3-001 ҚДС тобының студенті Хусанов Нұрсұлтан иеленді.
Біздің командамызды 2014 жылғы Қарағанды облысының «Жайдарман» ойынының «Вице-чемпионы» болғандарымен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік белестерден көрулеріне тілектеспіз!!!
«Витаминдер» командасы