Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

10 Мамыр 2023

"Жаңа Қазақстан: жаңғырту және жаңарту жолы" бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Шараға Е.А.Бөкетов атындағы университеттің мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Санхаева Әлия Нұрмағамбетқызым қатысты. Дөңгелек үстелге шетелдік факультеттің студенттері: Фарман хан (2 курс), саням Сингх (2 курс), Танви Нага (2 курс), Алина хан (2 курс), Пуджа Чудхари (4 курс), Прачи (4 курс), Аайуши Кульшерста (5 курс) белсене атсалысты.

Шарада бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін фактор ретінде өзін-өзі дамыту проблемасын ашатын баяндамалар ұсынылды. Позитивті психология, уақытты басқару, коммуникативті дағдыларды дамыту, шығармашылық ойлау сынды өзекті тақырыптар қарастырылды. Семинардың модераторлары: Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары - Оспанова Мадина Болатовна, Жұманбаева Зарина Кайратовна.


0
856

пікірлер

пікір қалдыру үшін.