Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дипломдық жұмыстарын қорғады

Дипломдық жұмыстарын қорғады

24 Ақпан 2023

15-17 ақпанда аттестаттау комиссиясының ашық отырысында 6В10101 ББ күндізгі қысқартылған оқу нысанындағы бітіру курсы студенттерінің дипломдық жұмыстары тақырыбында баяндамалар тыңдалды.

Студенттер «Анестезиология, реанимация және трансфузиология блогындағы науқастарда тромбоэмболияның алдын алудағы медбикенің рөлі», «Отадан кейінгі кезеңде  ауырсыну синдромы бар науқастарды басқарудағы мейіргердің рөлі», «Жергілікті анестезиямен науқастарға операция жасау кезінде операциялық мейіргердің рөлі» сияқты және тағы да басқа практикалық денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.

2022-2023 оқу жылының 6В10101 ББ  түлектері  ҰТЕО емтиханын сәтті тапсырып, дипломдық жұмыстарды қорғады және оларға "6В10101 ББ мейіргер ісі бойынша  денсаулық сақтау бакалавры"академиялық дәрежесі берілді.

Біз, мейіргерлік білім беру мектебі ұжымы түлектерге кәсіби қызметте одан әрі табыс және мансаптық жетістіктер тілейміз!

АК хатшысы Большакова И.А.


0
919

пікірлер

пікір қалдыру үшін.