Салауатты өмір салты тақырыбында дөңгелек үстел
2023 жылдың 14
ақпанында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері. Оны шешу жолдары»
тақырыбында «ҚМУ» КеАҚ тәрбие жұмысының жоспары бағытында «Заманауи зат алмасу түзету құралдары және апитерапия» тақырыбында
патология кафедрасында дөңгелек үстел өткізілді.
Ұйымдастырушылар: патология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жәутікова Сәуле Базарбайқызы, м.ғ.д., доцент Абикенова Фатима Самитовна. Дөңгелек үстел қонақтары: спикер, педиатр, 25 жылдық тәжірибесі бар апитерапевт Каримова Ләззат Тұяққызы, Гудыма Светлана Григорьевна, жастар бөлімінің меңгерушісі Унгарбаева Айгүл Аманжолқызы.
Светлана Григорьевна оқытушылар мен студенттерге ара тозаңын балдырлармен дәмін тарттырды, бұл спикердің айтуынша, студенттердің ойлау қабілеті үшін пайдасы көп тағам түрі.
Белсенді пікірталасқа қонақтар, патологиялық физиология курсының оқытушылары және «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Кездесу сәтті және нәтижелі өтті.
Студенттер спикерге көптеген патологиялық процестердің алдын алу мақсатында бал өнімдерінің пайдасы жайлы баяндағаны үшін алғыстарын білдірді , болашақта олар достарына және отбасы мүшелеріне бал өнімдерін жиі тұтынуға кеңес беретіндерін айтты.