Мақсатқа жету жолындағы мәселелерді талқылады
03 Ақпан 2023
27 қаңтарда психологиялық үйірме
аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының психологтары
шетел бөлімі студенттерімен кезекті кездесуін ұйымдастырды.
Жиын тақырыбы «Мақсатқа жету жолындағы кездесетін проблемалар» болды.
Жұмыс барысында тұлға мінез-құлқының бейімделмеген стратегиялары мәселелері нақтыланды, автоагрессия мен перфекционизм аспектілері қарастырылды.
Студенттер когнитивті мінез-құлық терапиясы, арт-терапия арқылы мінез-құлық стратегияларын зерттеді.
Кездесу соңында студенттер кері байланыста өз пікірлерімен бөлісті, қорытындылар жасады және болашақта алға қойған мақсаттарына тиімдірек жетуге көмектесетін мінез-құлық пен жоспарлаудың жаңа салауаттты тактикасын белгіледі.
0
963
пікірлер
пікір қалдыру үшін.