Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Хирургия мен трансплантацияның өзекті мәселелерін талқылады

Хирургия мен трансплантацияның өзекті мәселелерін талқылады

15 Қыркүйек 2022

2022 жылғы 2-3 қыркүйекте Алматы қаласында «Хирургия мен трансплантологияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен Қазақстан хирургтарының ІІІ Съезі өтті.

Жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистентіОгизбаева Алина Виталиевна «Полимеразды тізбекті реакция әдісімен колоректальды қатерлi iсiгi кезіндегі мезентериялық лимфа түйіндеріндегі бактериялардың ДНҚ сандық анықтау» атты тақырыбында постерлік баяндама ұсынды.

Баяндама тақырыбы колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастарда ішек микрофлорасының бактериялық транслокациясының тікелей маркерлерін анықтау мәселесіне арналған. Жүргізілген зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды

Тезис «Қазақстан хирургиясы хабаршысы» журналының арнайы басылымына енгізілген (№1, 185-186 беттер). Жас ғалымдар байқауына қатысу нәтижелері бойынша А.В. Огизбаева I дәрежелі дипломға ие болды.


0
1331

пікірлер

пікір қалдыру үшін.