Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Анар Ақылбекқызын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз!

Анар Ақылбекқызын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз!

05 Қыркүйек 2022

Бүгін, қыркүйек айының  үшінші жұлдызында Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетованың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры ретінде ресми тағайындау салтанаты өтті. Жаңа ректорды университет ұжымына және өңірдің медициналық жұртшылығына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Әбділдин Батырбек Сұлтанұлы таныстырды.

Қарағанды медицина университетін соңғы 10 жыл бойы білікті басқарған медицина ғылымдарының докторы, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова әріптестеріне жылы лебізін білдірді. Раушан Сұлтанқызы ЖОО ұжымын оқу жылының басталуымен және ректордың жаңа тағайындалуымен құттықтап, дәрігерлерді даярлау, жастарды тәрбиелеу және халыққа емдік көмек көрсету бойынша олардың игі жұмыстарына үлкен табыс тіледі.

- Құрметті Анар Ақылбекқызы,  медициналық университетті басқару–бұл өте күрделі, жауапты, көп қырлы жұмыс. Өз alma-mater-інді басқару–екі есе қиын әрі жауапты іс, бірақ қара шаңырақ болып есептелетін университет пен Сізді қолдайтын ұжым – бұл табыстың 50 пайызы. Қалған 50 пайыз Сіздің қолыңызда, - деді Раушан Сұлтанқызы. - Бір жылдан астам уақыт бойы Анар Ақылбекқызы жоғары оқу орнының басшысы қызметін атқарып келеді. Біз Сізді комиссиялық сайлаудан өтуіңізбен құттықтаймыз. Сізге біздің университетімізді, керемет ұжымды және ректордың мантиясын толық негізде тапсыруға рұқсат етіңіз!

Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова 1969 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі»мамандығы бойынша үздік бітірді. №2 госпитальдық терапия кафедрасының клиникалық ординаторы; 1994 жылдан 2000 жылға дейін - ҚММА ішкі аурулар кафедрасының ассистенті; 2000 жылдан 2002 жылға дейін - Қарағанды қаласының «№2 емханасы» ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2008 жылдың қаңтарына дейін ҚазММА қосымша медициналық білім беру факультетінің сәулелік диагностика кафедрасын басқарды, содан кейін Астана қаласының Травматология және ортопедия ҒЗИ сәулелік диагностика бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін ҚазММА қосымша медициналық білім беру факультетінің сәулелік диагностика курсының доценті, Астана қаласының Травматология және ортопедия ҒЗИ сәулелік диагностика бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2008 жылғы тамыздан 2009 жылғы желтоқсанға дейін – «Республикалық диагностикалық орталық»АҚ сәулелік диагностика және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі; 2010 жылғы қаңтардан 2012 жылға дейін-«травматология ғылыми-зерттеу институты» РМК ғылыми хатшысы, сәулелік диагностика бөлімінің аға ғылыми қызметкері.

2012 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың сәуіріне дейін – ҚММУ стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры. 2019 жылдың мамыр айында «Қарағанды медицина университеті»КеАҚ стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры лауазымына тағайындалды.

03.06.2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «ҰАК» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры міндетін атқару ісі жүктелді.

1999 жылы 14.00.19 - сәулелік диагностика, сәулелік терапия мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 2010 жылғы желтоқсанда 14.00.19 - сәулелік диагностика, сәулелік терапия мамандығы бойынша остеопороз проблемаларына арналған докторлық диссертация қорғады.

100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 20-дан астамы Scopus және Web of Science дерекқорына кіреді,, патенттер-4, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік-14, h-Хирш индексі – 2 (Scopus), 2 (Web of Science), 1 оқу құралы және әдістемелік құрал» Ғылыми зерттеулерді басқару және ұйымдастыру».

Қазақстан рентгенорадиологтары Ассоциациясының мүшесі, остеопороз бойынша қазақстандық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі және Еуропалық радиологтар қоғамының білім беру комитетінің мүшесі болып табылады. Өз біліктілігін арттыруды тоқтатқан емес.

Қазақ мемлекеттік медицина академиясының басшылығынан адал еңбегі үшін алғыстары бар; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің адал еңбегі үшін алғысы, 2004 ж., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2007 ж.; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»  төсбелгісімен марапатталған, 2014 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, 2016 ж.; Қазақстан Республикасының Президентінен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен 2020 ж. марапатталған.

Университет ұжымы атынан Анар Ақылбекқызын осындай жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз! Бұл әрине, оның ғылыми саладағы жоғары беделінің, еңбегі мен кәсіби жетістіктерінің мойындалуының дәлелі.

Анар Ақылбекқызына зор денсаулық, университеттің дамуы үшін белгіленген жоспарларды іске асыруда толағай табыс тілейміз!


0
2456

пікірлер

пікір қалдыру үшін.