Неврологиялық қызметті дамыту мәселелері жөніндегі конференция
27-28 мамыр аралығында Алматы қаласында «Клиникалық, эксперименттік неврологияның, нейрохирургияның, нейрофизиологияның өзекті мәселелері» атты XXIII ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оған әртүрлі
елдердің спикерлері (Ресей, АҚШ, Қырғызстан, Украина), сондай-ақ неврологияны
диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері мәселелерін жария еткен отандық
спикерлер диагностика, нейрохирургия және аралас пәндер саласындағы
инновациялық технологияларды енгізу, оңалту саласындағы заманауи әзірлемелер
бойынша қатысты.
Конференцияның алғы сөзін ҚР ДСМ Медициналық
көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Г.Е. Сарсенбаева
бастады, конференцияда көтерілген мәселелердің қажеттілігі мен өзектілігін атап
өтті; конференцияға ҚР ДСМ бас неврологы м.ғ.д., проф. С.Т. Туруспекова,
сондай-ақ ҚР әртүрлі медициналық ЖОО-ның профессорлары мен жас ғалымдары
белсенді қатысты.
Конференция аясында дәстүрлі түрде «Жас ғалым»
секциясы өткізілді, онда «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-нан мейіргерлік
білім беру мектебінің магистранты М. Амирбекова (ғылыми жетекшілері
Б.К.Омарқұлов, Т.Т. Киспаева) «Nursing competition in the recovery of patients
with cerebral stroke by ergotherapy methods» баяндамасымен сөз сөйледі, өз
тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазылар алқасы ұсынылған жұмысты жоғары
бағалап, М.Амирбековаға «Жас ғалым» секциясының барлық магистрлік баяндамалары
арасында 1 орын берді.
Конференция ҚР неврологиялық қызметін дамытудың
негізгі мәселелері бойынша резолюция шығарумен аяқталды.