Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Отан қорғаушылар күніне орай жүгіру ұйымдастырылды

Отан қорғаушылар күніне орай жүгіру ұйымдастырылды

13 Мамыр 2022

7 мамыр күні Қарағанды медицина университетінің студенттері Б.Бейсенов атындағы ІІМ Академиясының курсанттарымен және "Спарта-Қарағанды" СӨС қауымдастығының белсенділерімен бірлесіп Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл атлетиканың бірі - жүгіруге қатысты.

Жүгіруге қатысушылар арасында "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы-ректорының м.а., медицина ғылымдарының докторы А. А. Тұрмұхамбетова және ҚР ІІМ Қарағанды академиясының бастығы, полиция генерал-майоры А. Д. Дәрменов болды.

Осы мереке күні орталық саябаққа бірнеше жас жігіттер мен қыздар, сондай-ақ жай спорт әуесқойлары азаматтардың бейбіт тыныштығын қорғап, Отанымыздың шекараларын күзетіп жүргендердің барлығына алғыс білдіру үшін келді.

Іс-шараның барлық қатысушылары басқа оқу орындарындағы құрдастарымен тілдесіп, жағымды сәттерге толы, денсаулыққа пайдалы уақыт өткізді. Біздің елімізде Отан қорғаушылар әрқашан Ар-намыс пен ерліктің, сондай-ақ Қазақстан халқына шексіз қызмет етудің үлгісі болып қала беретінін жеке үлгі ретінде көрсеткен тамаша күн болды.


0
1549

пікірлер

пікір қалдыру үшін.