Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Менің дінге деген көзқарасым» эссе байқауы

«Менің дінге деген көзқарасым» эссе байқауы

06 Мамыр 2022

«ҚМУ» КеАҚ тәрбие жұмысының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 2022ж. 24.03 мен  2022ж. 25.04. аралығында,  Жастар ісі бөлімімен  бірлесіп «Менің дінге көзқарасым» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырып, өткізді.

 Байқауға барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Студенттердің 400-ге жуық жұмыстарын құрылған комиссия мүшелері  талқылады. Жұмыстар өзіндік ерекшелігімен, тамаша баяндау стилімен, материалдың өзіндік берілуімен, мәселені философиялық тұрғыдан түсінуімен ерекшеленді. Комиссияның алдындағы тапсырма өте қиын болды. Көп талқылаудан кейін мынадай шешім қабылданды.

«Менің дінге көзқарасым» эссе байқауының жеңімпаздары:

І дәрежелі диплом - Кенжеәлі Жансая, Жунусова Томирис – (Жалпы медицина);

ІІ дәрежелі диплом - Жандосов Рахат, Ляйпольд Николь – (Жалпы медицина);

ІІІ дәрежелі диплом - Абдрахманова Динара, Цой Сергей – (Жалпы медицина).

Сондай-ақ, бірқатар номинациялар анықталды, олардың жеңімпаздары:

Қарастырылып отырған тақырыптың маңызын жеке көрсеткен жұмыс  - Ким Виктория, Канибекова Макпал, Нишанбаева Мухлиса  - (Жалпы медицина);

Ерекше жазылған жұмыс - Логинова Екатерина – (Жалпы медицина), Тұтай Ақнұр –  (Стоматология);

Тақырыпқа тікелей өзінің қатысы бар жұмыс - Аллахвердиева Айгюн – (Жалпы медицина), Сарсенгалиев Дамир, Беспаева Әлия – (Биомедицина), Жақсылықова Аяулым – (Фармацевтикалық өндіріс технологиясы), Mahdi Muhammad Towfik Abuaeen – (Стоматология);

Тақырыпты әділ түрде баяндаған еңбек - Кутлиахметова Гульгина, Кожантаева Аружан, Әліхан Мұхтарәлі – (Жалпы медицина);

Тақырыпқа философиялық ой бітірген эссе - Шортанов Рустам, Тимурзиев Гилани (Биомедицина), Умиралиева Аружан, Бхардвадж Хритик – (Жалпы медицина);

Рухани құнды еңбек -  Маханбет Нұрсұлтан – (Жалпы медицина).


0
1691

пікірлер

пікір қалдыру үшін.