Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің білім беру бағдарламалары «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингінде жетекші позицияларда
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП Білім беру бағдарламаларының рейтингі, «Қоғамдық денсаулық сақтау»білім беру бағдарламасы III орынға ие болды.
Білім беру бағдарламаларын бағалау
кезінде ескерілетін көрсеткіштерге түлектердің мансаптық болашағы, білім
алушылардың жетістіктері, мамандардың жалақысы, жұмысқа орналасу деңгейі және
жұмыс іздеу ұзақтығы жатады.
Жыл сайын «Қоғамдық денсаулық сақтау»ББ түлектері, әсіресе Covid – 19 пандемиясы жағдайында елдің жетекші Денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және эпидемиология саласындағы тәжірибелі мамандар айналысады. «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының түлегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеттерінде, санитарлық-гигиеналық зертханаларда, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу орталықтарында, емдеу – профилактикалық ұйымдарда мансап құруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің түлектеріне қысқартылған түрде оқуға мүмкіндік беріледі.
«Атамекен»ҰКП рейтингісінде Қазақстан ЖОО арасында I орынды «Биология (Биомедицина)» ББ иеленді.
Биомедика түлектері биологиялық, микробиологиялық және медициналық (атап айтқанда, фармацевтикалық) бейіндегі ғылыми-зерттеу, өндірістік мекемелерде, зертханалық диагностика, санитарлық – эпидемиологиялық сараптама, табиғатты қорғау, биотехнологиялық шикізат сараптамасы ұйымдарында және басқаларында табысты мансап құра алады, сондай-ақ оқуын магистратура деңгейінде жалғастыра алады.