Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары

Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары

13 Қаңтар 2022

«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Менің тәуелсіз Қазақстаным-менің Отаным!»  атты республикалық қашықтықтан шығармашылық байқауында мейіргерлік білім беру мектебінің ТжКБ деңгейінің студенттері 1-орынға ие болды. 

     203 «Емдеу ісі» мамандығында оқитын Бекенова Мариям «Менің тәуелсіз Қазақстаным-менің Отаным!» атты сурет байқауында          1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 

  «Менің тәуелсіз Қазақстаным-менің Отаным!» атты жыр мүшәйрасында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 101 КОМ білім алушысы Төлекбай Айгерім Абайқызы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Білім алушылармен мақсатты жұмыс жасап, Республикалық қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқауға белсенді қатысқаны үшін мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушылары Омашева Жанара Магауяевна, Турысбекова Арайлым Есенгелдиновна 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Менің тәуелсіз Қазақстаным-менің Отаным!» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз  және мейіргерлік білім беру мектебінің білім алушыларының жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.

Мейіргерлік білім беру мектебі деканының орынбасары Онгарбаева А.И.

  Көк туым-азат елдің ақ таңысын!

Мың тәубе саған еркін азаттығым,

Елімнің қайтып берген ғажап күнін.

Өзіннің арқанда ғой біле білсем,

Төрінде желбіретсе қазақ туын.

Көк туым даңғыл болған жолы бастан,

Боласың сан ұрпаққа әлі дастан.

Құлатпай қан майданда ата-бабам,

Сені ұстап күн түбіне жорық ашқан.

Қорғаған жан мен тәнін салып бабам,

Өр текті сақтаймын деп халықты аман.

Елдігі байрағында желбіреген,

Қыраны көк төрінде қалықтаған.

Дегендей жақын түгіл жат танысын,

Байрағым азат елдің ақ таңысын.

Кеудемнен дем біткенше сөнбейтұғын,

Көк туым менің мәңгі мақтанышым!

 

Авторы- Мейіргерлік білім беру мектебінің 1 курс, 101 КОМ  топ білім алушысы Төлекбай Әйгерім.


0
3865

пікірлер

пікір қалдыру үшін.