COVID-19 пандемиясы жағдайында білім беру кеңістігінің болашағын талқылады
14 Желтоқсан 2021
2021 жылдың 11 желтоқсанында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай
«Әлеуметтік-саяси жаңғырудың посткеңестік модельдері: 30 жылдық тәжірибе» атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан
тарихы және ӘСП кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.С. Малыбаева,
ассистент-профессор О.А. Ковтун, тағылымгер-оқытушы
Ю.Г.Осинцева, халықаралық факультеттің 2 курс студенттері Шарма Деванг және
Санни Соланки қатысты. Конференция онлайн форматта өткізілді. Қатысушыларымыз
Covid-2019 пандемиясы жағдайында білім беру кеңістігінің проблемалары мен
келешегі туралы пікірлерімен бөлісіп, нәтижелі пікір алмасуға өз үлестерін
қосты.
0
1860
пікірлер
пікір қалдыру үшін.