Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі халықаралық деңгейде
2021 жылдың 1-3 желтоқсаны аралығында Германиядағы Aspher жұмыс тобы мүшелерінің шақыруы бойынша біздің әріптестеріміз Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің деканы Жания Даулетқалиева және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының докторанты Карина Нукештаева «HAWFulda.
InternationalDays» Германия Фулда қолданбалы ғылымдар университетінің
жанындағы іс-шараның
бірінші күні Университет президенті Karim Khakzar, ДДҰ-ның Швейцариядағы өкілі Rüdiger
Krech және Aspher жоба жетекшісіLore Leighton
құттықтау сөзімен басталды. Іс-шараның негізгі бөлігін Мейіргер ісі және денсаулықғылымдары
кафедрасының профессорлары Kai Michelsen мен Jens Holst, халықаралық бөлімнің
басшысы Julia-Sophie Rothmann жүргізді.
Семинардың соңғы күні Грецияда, Польшада, Кенияда, Румынияда және Швейцарияда студенттердің ұтқырлығында кездесетін проблемалары мен мүмкіндіктеріне арналды. Студенттер серіктес университеттерде академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Соңында қатысушылардың әрқайсысы семинарды ұйымдастыру бойынша кері байланыс берді.
Қарағанды медицина университеті семинар ұйымдастырушыларына Фульда қолданбалы ғылымдар университетіне және Мейірбике ісі және денсаулық ғылымдары кафедрасының профессорлары Kai Michelsen мен Jens Holst, Julia-Sophie Rothmann, тағылымдама бойынша серіктестер желісінің үйлестірушісі Renata Moreira шын жүректен алғыс білдіреді.
Aspher хатшылығы Lore Leighton тұлғасына ерекше алғыс білдіреміз. Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебі Еуропалық аймақтағы қоғамдық денсаулық сақтау мектептері Ассоциациясы (Aspher) ресми мүшелігіне ие болды.