Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚМУ» КеАҚ студенттері тағы да шығармашылық шыңдарды бағындырды

«ҚМУ» КеАҚ студенттері тағы да шығармашылық шыңдарды бағындырды

08 Желтоқсан 2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, «Рухани жаңғыру» жобасының мемлекеттік бағдарламасы аясында 03 желтоқсан күні біздің университетте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным!» атты патриоттық әндер байқауы «Белый ветер» интернет – дүкенінің және Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.

  Шығармашылық жарысқа Қарағанды облысының студенттері қатысты: Оразалы Айдын, Қасым Ақбота, Лукьяненко Злата Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен, Шекей Мухаметжан, Сушкова Екатерина – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті студенттері, Сейфулла Алдияр, Несипбаева Арай Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінен келді, Ондасынова Мадина, Усербаева Жанаргуль «Bolashaq» академиясынана, Шалқарбай Ернұр, Мағзұмов Әділжан –Баримбека Бейсенов атындағы ҚР ІІМ академиясынан, біздің университетіміздің намысын қорғаған Бейшен Самат және Конина Милана.

  Академиялық жұмыс жөніндегі проректор Риклефс Виктор Петрович қатысушылар мен көрермендерге құттықтау сөзін айтып жылы шыраймен қарсы алды.

Қазылар алқасы студенттердің шығармашылығын бағалады: Карабаева Асель Кабиденовна - Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисті,

Фрибус Алена Алексеевна – «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» директор орынбасары, Нурманбаева Алтынай Касымкановна - облыстық бос уақытты және халық шығармашылығын қолдау ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы, Тойболдина Айман Нурлановна - «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбль жетекшісі, Асқаров Қайрат Белгибайулы – «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» жастар бастамаларын қолдау және үйлестіру бөлімінің маманы.  

Байқауға қатысушылар қазақ және орыс тілдерінде танымал патриоттық әндерді орындады, жақсы вокалдық қабілеттерін көрсетті, байқау тақырыбына таңдалған композицияларға және үйлесімді таңдалған сахналық бейнелерге сәйкес келді.  

Қазылар алқасы қорытынды шығарған уақытта біздің университеттің студенттік шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары көрермендер алдында өз шеберліктерін көрсетті.  

Конкурстық бағдарламаның қорытындысы бойынша Бейшен Самат байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды! Құттықтаймыз!

Қалған жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Сушкова Екатерина, Е.А. Бөкетов атындағы университет студенті -1 орын,

Қасым Ақбота, Қазтұтынуодағы университеті - 2 орын,

Шалқарбай Ернұр, Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы -3 орын,

Балқаштан келген қатысушы, Сейфуллин Алдияр Көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Конкурс қатысушыларына демеушілік көмек көрсеткені үшін «Белый ветер» интернет – дүкеніне https://shop.kz/ және Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығына https://instagram.com/jasprokrg?utm_medium=copy_link шын жүректен алғыс айтамыз. Студенттік шығармашылықты қолдауға мүмкіндік тапқандарыңыз үшін рахмет.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
1697

пікірлер

пікір қалдыру үшін.