«Елбасының жазған кітаптары»
Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қарағанды қаласындағы
Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Елбасының
жазған кітаптары» атты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған
әдеби-тарихи Вооk Slam сайысы өткізілді.
Сайысқа Қарағанды медицина университетінің барлық мамандықтарының 1-2 курс студенттері белсене қатысты. Сайыс онлайн форматта инстаграм әлеуметтік желісінде ұйымдастырылып, талантты жастар жанкүйерлері арасынан кең қолдау тапты.
Қорытынды бойынша Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің 1 курс студенттері Базарбаева Нұржамал мен Рахметоллаева Гүлжайна 2 дәрежелі дипломмен; Жоламан Жанель мен Әбдірахманова Айгүл 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Іс шараға белсене қатысқан Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мамандығының 1-2 курс студенттері алғыс хаттармен марапатталды.