Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қыран қанатты ақын

Қыран қанатты ақын

03 Желтоқсан 2021

Қараша айының 17- ші жұлдызында  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың  110-жылдағына арналған «Қыран қанатты ақын» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қарағанды техникалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы, Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұяқов Ғабит Шараұлы және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми - әдістеме бөлімінің басшысы Елубаева Мейрамкуль Айдарханқызы қатысып, ақын туралы өздерінің ойларын, өлеңдерін қоса кетті. Дөңгелек үстелге Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы  мен «Самұрық» студенттік республикасының  және KMU life жас журналистер одағының қолдауымен Қоғамдық денсаулық сақтау және Медицина мектебінің 1-курс студенттері ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып, алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттер мен қатысушылардың көңілінен шықты.

Қасым Аманжолов өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандарының сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын. Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Қасым қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.


0
1699

пікірлер

пікір қалдыру үшін.