Науқас балалар мен олардың отбасыларының комплаенсі және пациентке бағытталуы
Өткен аптада ҚР медициналық
жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушыларына арналған «АИТВ және басқа
да созылмалы аурулармен ауыратын балаларға психоәлеуметтік қолдау» тақырыбында
он-лайн түрде, жалпы көлемі 72 сағат болатын біліктілікті арттыру циклы
аяқталды. Оқыту Қазақстанда 3 жыл бойы жалғасын тапқан БҰҰ ЮНИСЕФ қорының аттас
жобасы аясында өтті.
Жоба пациентке бағытталуға, ауру туралы хабардар болуға және емделуге бейімділікті дамытуға, сондай-ақ әртүрлі созылмалы аурулардан зардап шегетін балалардың оңалту әлеуеті мен өмір сүру сапасын арттыруға арналған. ЮНИСЕФ-тің жаттықтырушы – кеңесшілері болып табылатын «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ оқытушылары (ҚМУ КеАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті, м.ғ.д., профессор Көшерова Бахыт Нұрғалиқызы, қауымдастырылған профессор, инфекционист-дәрігер Кнаус Анна Александровна және психиатр-дәрігер Мациевская Лариса Леонардовна) өткізген циклде АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті, БЦП және ерте жастағы балалар аутизмі тақырыптары бойынша білім алушы оқытушылар мен түрлі медициналық мамандық иелеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтар, сонымен қатар әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қауымд.профессоры,
ЮНИСЕФ жаттықтырушы-кеңесшісі Л.Л. Мациевская