Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алғашқы мониторингтік кездесу

Алғашқы мониторингтік кездесу

11 Қазан 2021

2021 жылдың 5 қазанында «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ  619037-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP «FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication» («XXI ғасыр дәрігерінің дамуына жәрдемдесу: пациентке бағытталған коммуникативті  дағдыларға үйрету») жобасы бойынша мониторнинг өтті.

Мониторингті Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Тасбулатова Шайзада Умурзаковна өткізді. Аталған іс-шараға серіктес жоғары оқу орнының өкілдері, яғни Жоба координаторы- медицина ғылымдарының кандидаты, микробиология және вирусология кафедрасының доценті Юсупов Рустам Рахимович және Жобадағы жұмыс тобының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ-ң коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі, доцент, психотерапевт-дәрігер Багиярова Фатима Арыстановна қатысты.

  Басқарма төрағасының м.а., «ҚМУ» КеАҚ ректоры Турмухамбетова  Анар Акылбековна пациенттің орталықтандырылған коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін FOR 21 жобасының маңыздылығын атап өтті.

 Жобаның координаторлары «ҚМУ» КеАҚ-нан Семенихина Полина Сергеевна және "ҚазҰМУ" КеАҚ-нан Юсупов Рустам Рахимович FOR 21 жобасының іске асырылу барысы туралы аралық есепті және одан әрі іс-шараларды іске асыру жоспарларын ұсынды.

  Мониторингтік кездесу жобаны одан әрі іске асыру бойынша ұсынымдық сипатта болды. Тасбулатова Шайзада УмурзаковнаFOR 21 жобасының іс-шараларын жақсарту, консорциумда серіктестік қатынастарды дұрыс құру және жоба нәтижелерін тарату бойынша ұсыныстар айтты.


0
2127

пікірлер

пікір қалдыру үшін.