Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шахмат турнирі

Шахмат турнирі

07 Қазан 2021

Физикалық денсаулық орталығы "Самұрық" студенттік республикасымен бірлесіп Қарағанды облысының студенттері арасында шахмат бойынша турнирге қатысу үшін біздің университеттің командасын ұсынды.

Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші онлайн-турнирге облыстың 8 оқу орнынан жүзден астам жас шахматшылар қатысты. Алғашқы 2 кезең онлайн режимінде өтті, ал финал Достық үйінде өтті. Біздің командамыздың атынан келесі студенттер қатысты:

Иманжанов Әділхан-3021ж. ЖМ;

Мұхаметалиев Азамат-2007 г. ЖМ;

Мадазимов Азиз-3021 гр. ЖМ;

Душабаев Исламбек-6017 гр. ЖМ;

Зульмураев Зулхумор-2028 гр. ЖМ.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды техникалық университетінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды біздің университетіміздің командасы, үшінші орынды Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Физикалық денсаулығы орталығы


0
1353

пікірлер

пікір қалдыру үшін.