Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Спортшылар кідіріссіз көмек көрсету дағдыларын меңгерді

Спортшылар кідіріссіз көмек көрсету дағдыларын меңгерді

27 Қыркүйек 2021

2021 жылдың 25 қыркүйегінде КеАҚ «ҚМУ» симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының қызметкерлері Оксана Королева атындағы бокс орталығының жаттықтырушыларына арнап «Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары (BLS)» тренингін өткізді.

 Жаттығу барысында орталықтың 5 спортшысы тренажерларды қолдана отырып алғашқы кідіріссіз (ауруханаға дейінгі) көмек көрсетуді, жүрек-өкпелік реанимацияны (базалық деңгейін), жарақаттар (қолдың, аяқтың) кезінде кідіріссіз көмек көрсетуді, сыртқы қан кетуді тоқтату дағдыларын үйренді. Тренингке қатысушылар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығын сақтауға уақытылы және дұрыс көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

 Тренингті практикалық дағдылар жаттықтырушысы Касимова Майгуль Багдатовна жүргізді.


0
1321

пікірлер

пікір қалдыру үшін.