Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастардың инклюзивті жобасы

Жастардың инклюзивті жобасы

25 Маусым 2021

ҚеАҚ «Қарағанды медицина университеті» Мейіргерлік білім беру мектебінің студенті Беляков Евгений жастардың инклюзивті "ITeachMe" жобасының V-ші маусымына арналған іріктеуден сәтті өтті.

 "ITeachMe" қоғамдық қоры - құзыреттілікті дамыту орталығы Қазақстан Республикасының барлық аумағында ерекше қажеттіліктерді қажет ететін тұлғаларды қолдау бойынша жобаны іске асырады, және де ақпараттық - технологиялар салаларының ең заманауи бағыттары (Motion Design, UI/UX Design, SMM және копирайтинг, Графикалық дизайн, мобилография) бойынша тегін дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін конкурстық іріктеуге 600-ден астам өтінім беріліп, соның ішінен финалға 20 өтінім іріктеліп алынды. Сол іріктелген жеңімпаздардың ішінде  біздің студент Беляков Евгений де бар. Оқыту Алматы қаласындағы "ITeachMe" лагерінде өтті. 5 күн бойы қатысушылар soft skills бойынша бизнес-тренингке қатысып, өзін-өзі таныстыру және сұхбат алу техникасын үйреніп, өздерінің шағын бейнефильмдерін жасады, сондай-ақ бос уақыттарында  демалып, ән айтып, түрлі ойындар ойнады.

Бес күндік бизнес-тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар бір ай мерзімде онлайн курс арқылы hard skills меңгеріп, өз бизнес-жобасының тұсаукесерін сәтті қорғағаннан кейін осы курсты өткені туралы сертификат алады, ал солардың ішіндегі үздіктері жұмысқа орналастырылады. Бұл қордың бас демеушісі - АҚШ-тың ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниясы Chevron болып табылады.

Исатаева Г.М., СББТО инспекторы,

Инклюзивті білім беру бойынша

жұмыс тобының хатшысы


0
1772

пікірлер

пікір қалдыру үшін.