Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

25 Мамыр 2021

24 мамыр 2021 ж Қарағанды облыстық Ж.Бектуров атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» туралы тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Шара zoom  платформасында өтті. Кештің арнайы қонақтары Қарағанды Мемлекеттік университетінің профессоры З.Ғ.Сақтағанова, Қарағанды Политехникалық Университетінің доценті Сауле Қасымова, жазушы Елдос Тоқтарбай, модератор, т.ғ.к.  Сыздық Б.К.болды. 

Кешке Қарағанды қаласының коллежд студенттері мен Қарағанды Медицина Университетінің 1-2курс студенттері қатысты. Тақырып өте актуальды, көкейтесі болды. Ғалымдар арнайы зерттеулері туралы құнды деректермен таныстырды. Жалпы медицина мамандығы және стоматология мамандығының 2 курс студенттері сұрактарын қойып, кешке белсене қатысты. Мақсат тарихтан тағылым алу. Өткен тарихқа құрметпен қарап,қателік жібермеу. Солақай саясаттың құрбаны болған қоғам және мемлекет қайраткерлерін, қарапайым халықты еске алып, тағзым жасау.


0
1885

пікірлер

пікір қалдыру үшін.