Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Иммунитетке байланысты сұрақтар талқыланды

Иммунитетке байланысты сұрақтар талқыланды

27 Сәуір 2021

2021 жылдың 20 сәуірінде ОмММУ жүз жылдығы және оның гистология, цитология және эмбриология кафедрасының жүз жылдығына арналған "Иммундық реакциялардың жасушалық негіздері" атты Халықаралық студенттік онлайн-конференциясы өтті. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы РФ ДСМ "Омбы мемлекеттік медицина университеті" гистология, цитология және эмбриология кафедрасының профессоры В.А. Акулинин, қосалқы төрайым - КЕАҚ "Қарағанды медицина университеті" морфология және физиология кафедрасының профессоры Г. У. Жанайдарова болды.

Онлайн-конференцияға Қазақстан және Омбы медицина-студенттері қатысты. Тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырған баяндамалар: "Гуморальды иммундық реакциялардың ерекшеліктері және олардың жасушалық реакциялармен өзара байланысы" К.Фролова (ОмММУ), жетекші профессор В.А. Акулинин; "NK - лимфоциттердің иммунитеттегі рөлі мен маңызы " И. Акшанашева (КЕАҚ"ҚМУ"), жетекші профессор Г. У. Жанайдарова;"Коронавирустық инфекция кезіндегі иммундық реакциялардың ерекшеліктері" Д. Вьюшкова (ОмММУ), жетекші доцент Н. А. Баранец. И.Ақшанашева (3-031 ЖМ тобы) I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конференция жұмысына морфология және физиология (гистология) кафедрасының ассистент-профессоры Б.Х. Берікбаева үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен екі баяндама дайындалды:"Көкбауырдың, лимфа түйіндерінің және лимфоидты түзілімдердің иммундық жауабындағы рөлі мен маңызы " - ЖМ 3-026 тобының студенттері Т.Губа мен К.Мұстафина баяндама жасалды(олардың жұмысы II дәрежелі дипломмен марапатталды), "Макрофагтар мен ірі түйіршікті лимфоциттердің иммундық жауабындағы рөлі" - ЖМ 3-036 тобының студенттері А. Карпушина, Ю. Зайцева баяндама жасады (III дәрежелі диплом алды).

Барлық баяндамалар екі елдің көптеген аудиториялары тарапынан тыңғылықты тыңдалды. Ұсынылған ақпарат студенттердің иммунитет мәселелері бойынша білімдерін толықтырды. Біз алғаш рет студенттік ғылыми онлайн-конференция өткізіп отырмыз. Мұндай тәжірибе жалғасады деп үміттенеміз.

  Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінОмММУ жүз жылдығымен, рғгистология, цитология және эмбриология кафедрасының жүз жылдығымен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақыта табыс тілейміз!

Морфология және физиология (гистология) кафедрасының

м.ғ.д., профессорГ.У. Жанайдарова 


0
2099

пікірлер

пікір қалдыру үшін.