Академик Шахмарден Есенов атындағы шәкіртақы иегері!
Қарағанды медицина университетінің Фармация мектебінің 3 курс
студенті Әлімбатыров Марланға Академик Ш. Есенов атындағы білім беру қорының
шәкіртақы иегері мәртебесі берілді. Ол Қазақстан Республикасының 458 студенті
арасында жеңімпаздар тізіміне енді!
Әлімбатыров Марлан - университеттің белсенді студенттерінің бірі. Ол "ҚМУ" КеАҚ Сенатындағы Фармация мектебінің өкілі, Фармация мектебінің студенттік ғылыми үйірмесінің төрағасы, "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының 1 және 2-курстарының координаторы. Марлан Әлімбатыров республикалық байқауларға қатысқаны үшін бірқатар маңызды атақтар мен медальдарға ие. Ол ҚР Үздік студенттер академиясының мүшесі, "ХХІ ғасыр көшбасшысы: Үздік студент" және ҚР жастарының "Алтын кітабы" байқауларының жеңімпазы.
Марланды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, кез келген шыңдарды бағындыра отырып, әрқашан алға ұмтылуды тілейміз!