Төле би – адалдық пен әділеттіліктің негізін қалаушы
15-16 наурызда Мейіргерлік білім беру, фармация, қоғамдық денсаулық және биомедицина Мектептерінде «SanalyUrpaq» студенттік клубымен бірлесіп «Төле би – адалдық пен әділеттіліктің негізін қалаушы» атты адалдық сағаты өтті.
Фармация мектебінің деканы И.В.Лосева студенттердің дәрісті талқылауға белсенді қатысқанын және жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын білдіретіндігін атап өтті. Мейіргерлік білім беру мектебінің кураторлары онлайн-дәрісті қарағаннан кейін білім беру ортасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тұрақты негізде заманауи Қазақстанның ұлы тұлғалары мен жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттарын» өткізеді.
Комплаенс-кеңсесі