Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқытудың инновациялық технологияларын тарату

Оқытудың инновациялық технологияларын тарату

17 Ақпан 2021

ERASMUS + «TAME» жобасының нәтижелері туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында 2021 жылдың 1 ақпанынан  12 ақпаны аралығында Қарағанды ​​медициналық университеті Ресейдің медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларына (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан) Грузия (Батуми), сонымен қатар КеАҚ «Семей медициналық университеті», КеАҚ «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті», «Ұлттық нейрохирургиялық орталық» АҚ (Нұр-Сұлтан) 25 адамға «Кейс арқылы оқыту білім беру стратегиясы» циклі бойынша тренингі өткізілді.

КеАҚ «Қарағанды Медициналық университетінің» жетекші жаттықтырушылары: оқу ісі жөніндегі проректоры  В.П.Риклефс, СББТО директоры Г.С. Кемелова,  морфология және физиология кафедрасының ассистент-профессоры Е.Х. Батяева, отбасылық медицина кафедрасының ассистент-профессоры М.С.Серикова Қарағанды ​​медициналық университетінің виртуалды пациентті оқу процесінде қолдану тәжірибесін айқын көрсетті. Тренинг   тікелей және қашықтықтан оқыту компоненттерін қамти отырып өткізілді.   Тренинг аясында тыңдаушылар CBL стратегиясын енгізуді үйреніп, OpenLab-те виртуалды пациентпен клиникалық жағдайларды қолдана отырып, CBL оқыту әдісі бойынша нұсқаулықтарды әзірледі.

Семинарға қатысушылар кез-келген уақытта Padlet интернет-платформасында семинар мазмұнын қайта қарауға мүмкіндік алды, бұл сонымен қатар семинарға қатысушылармен уақытылы кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Тренингті аяқтағаннан кейін тыңдаушылар дәріскерлердің жауапкершілігіне, материалдардың қол жетімділігіне және үнемі олармен кері байланыс орнатқандары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

СББТО маманы, Бейсембекова Айгерім


0
1873

пікірлер

пікір қалдыру үшін.