«Елбасы- ел тірегі»
2020 жылдың 17 қарашасында ZOOM платформасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған
«Елбасы-ел тірегі» республикалық
онлайн-эстафетасы аясында ұйымдастырылған «Дана тұлға, дара тұлға-Елбасы» атты
жастар конференциясы онлайн форматта өтті.
Конференцияны ұйымдастырған Ж.Бектуров атындағы Қарағанды облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы. Аталған шараның басты мақсаты: Елбасының ұстанымын, Қазақстан үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, патриотизмге , азаматтыққа тәрбиелеу.
Конференция қатысушылары: Қарағанды медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары, Қарағанды қаласының № 2 білім беру-инновациялық лицей-интернатының, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқушылары, «Нұр Отан» партиясының ШҚО «Жас Отан» қанатының өкілдері.Қарағанды медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2-курс студенттері: Уринбаев Баукен және Нұрлан Жақсыкелді, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызының жетекшілігімен осы конференцияға белсене қатысып, алғыс хаттармен мараппаталды.