Онлайн тәртіптемесінде тарихи-өлкетану үйірмесінің отырысы
2020 жылдың 17 қаңтарында ағымдық жылдың Қазақстан тарихы және ӘСП
кафедрасы үйірмесінің бірінші отырысы болды. Талқыланатын тақырып студенттер
және интерндермен қазіргі таңдағы өзекті мәселе таңдалып алынды - Қазақстандағы
короновируспен күрес. Конференцияның ұйымдастырушысы әдеттегідей біздің
кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің старостасы – А.Абенова сөз сөйледі. Біз
үшін ең маңыздысы, осы қиын аурудан пациенттерді/емделушілерді құтқару бойынша
өздерінің ауыр және игі істерімен Астананың жас дәрігерлері – Сабит Ташенов пен
Асия Кадралинова (біздің Жалпы медицина факультетінің түлектері) бөлісті. Өткен жазда біздің тарихи-өлкетану
үйірмесінің мүшелері Сабит пен Асия карантин уақытында стационарда жұмыс
жасады, ауыр науқастардың қасында кезекшілікте болды, дәрігерлердің барлық
ұсыныстарын сақтауға пациенттерді нандырды, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес
емдеуді тағайындады.
А.Б. Долгополов, кафедраның тарихи-өлкетану үйірмесінің жетекшісі