#ErasmusDays 2020 аясындағы ашық есік күні
2020 жылдың 15, 16 және 17 қазан аралығында бүкіл әлем бойынша #ErasmusDays
2020 жаһандық іс - шарасы өтеді, аталған іс-шара қарапайым идеяға негізделген -
Эразмус+ әр түрлі жобаларына қатысушы миллиондаған қатысушылар үшін өз
тәжірибесімен бөлісу, жоғары оқу орындары, білім беру жүйесі, жалпы қоғам
деңгейінде болған өзгерістер туралы, олардың жеке өсуіне, ұтқырлыққа
қатысушылардың мансабын дамытуға қандай әсер еткені туралы айту, өз жобаларының
нәтижелерін қалың жұртшылыққа, бұқаралық ақпарат құралдары, саясаткерлер мен
бизнес қоғамдастықтар өкілдеріне жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Біздің іс-шарамыздың мақсаты - университетіміздің білім алушылары, ӘБҚ және ПОҚ ICM Erasmus+ бағдарламасымен және қазіргі таңда қолданыстағы бағдарламалармен таныстыру болып табылады. Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Эразмус+ Credit Mobility бағдарламасына қатысушылары өз тәжірибелерімен және нәтижелерімен бөлісуі үшін шақырылды.
Сондай-ақ барлық қатысушылар халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мамандарынан кеңес алуға мүмкіндігі бар.
#ErasmusDays 2020