Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Науқастардың денсаулығы – сенімді қолда

Науқастардың денсаулығы – сенімді қолда

23 Қыркүйек 2020

Біздің тамаша әріптесіміз, Қарағанды медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті – Тишкамбаев Ербол Бекболатұлы «Пандемиямен күрескені үшін»  қоғамдық марапатына ие болды. Төсбелгі дәрігерге  «Намыс -  құқық қорғау органдары ардагерлерінің қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. Ж. Төрегелдиннің атынан коронавирустық инфекцияның алғашқы толқыны кезеңінде медициналық университет жатақханасы базасында инфекциялық стационардың жұмысын лайықты ұйымдастырғаны үшін табыс етілді.

Ербол Бекболатұлы стационар басшысының міндеттерін өз мойнына ала отырып, медициналық мекемені мамандардың кәсіби командасымен қамтамасыз етіп, коронавирустық инфекциясы және дамыған пневмониясы бар пациенттерге уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндетті ойдағыдай орындады. Қарағанды медицина университеті басшылығының көмегінің арқасында стационар пациенттердің тиімді емделуі мен жайлы болуы үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етті. Бұған дәлел - науқастар мен олардың туыстарынан аурухана ұжымына келіп түскен көптеген алғыс хаттар (барлық хаттар әлеуметтік желілерде университеттің ресми беттерінде жарияланды). Е. Б. Тишкамбаев бастаған дәрігерлер командасының жоғары шеберлігі көрінісінің басты дәлелі - медициналық мекеме қабырғасында өлім жағдайларының болмауы.

Ербол Бекболатұлын осындай  ерен еңбектің жоғары деңгейде бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз, Сіз шын мәнінде осындай марапатқа лайықтысыз! Медицина университеті  ұжымында  өз мамандығына қарамастан, кез келген жұмыс майданында кәсібилік көрсетуге дайын мамандар бар екендігін  мақтан тұтамыз.


0
2260

пікірлер

пікір қалдыру үшін.